$ 499.65  582.89  6.47

Ермахан Ибраимов Жәнібек Әлімханұлы туралы пікір білдірді

Айта кетейік, 6 желтоқсанда өтуі тиіс болған Эрисланди Лара мен қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы арасындағы үш чемпиондық белбеу үшін айқас кейінге қалды.

Фото: youtube.com/@ruslansport
Фото: youtube.com/@ruslansport

Қазақстандық кәсіпқой бокс жұлдызы Жәнібек Әлімханұлының айналасындағы шулы оқиға жанкүйерлерді дүр сілкіндірді. Чемпиондық жекпе-жектің алдында шыққан «допинг дауына» қатысты Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов өз ойын ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Белгілі спортшы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында көпшілікті асығыс қорытынды жасалмауға шақырды. Оның айтуынша, спорт тарихында алғашқы тексеріс қате болып шыққан жағдайлар аз емес.

Ибраимов боксшымыздың мансабына нүкте қоюға әлі ерте екенін ескертті. Тәжірибелі маман «В» сынамасының нәтижесін күту қажет деп есептейді.

«Тарихта бірінші сынамада түйткілдер болып, бірақ екінші допинг-тесттен таза өткен спортшылар кездескен. Сондықтан дүрлікпей, сабыр сақтайық. Екінші талдаудың нәтижесін күтейік», – деді Ермахан Ибраимов.

Айта кетейік, 6 желтоқсан күні Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасында үш бірдей чемпиондық белбеу үшін айқас өтуі тиіс еді. Алайда, VADA ұйымы отандасымыздың қанынан спортшыларға тыйым салынған мельдоний препаратын тапқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 17
Күлкілі 7
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары