$ 503.89  587.54  6.48

Ғалымжан Кенжебекке Грекияның «Олимпиакос» клубы қызығушылық танытып отыр

Қазіргі кезде Кенжебек үшін Еуропаның екі ірі клубы нақты қадам жасауда.

Фото: offside.kz
Фото: offside.kz

“Елімай” мен Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекке Грекияның “Олимпиакос” футбол клубы қызығушылық білдіруде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін The Courier Sport басылымы Шотландияның “Данди Юнайтед” клубының бас бапкері Джим Гудвин 22 жастағы Ғалымжан Кенжебекке қызығушылық танытып отырғанын хабарлаған еді.

Алайда “Олимпиакостың” Кенжебекке қызығушылық танытуы “Данди Юнайтедтің” келіссөздерін күрделендіріп отыр.Match KZ мәліметі бойынша, “Олимпиакостың” нарықтағы беделі мен қаржылық мүмкіндіктерінің жоғары болуы британдық клубтың ойыншыны өз құрамына қосу ықтималдығын айтарлықтай төмендетеді.

Қазіргі кезде Кенжебек үшін Еуропаның екі ірі клубы нақты қадам жасауда.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары