$ 503.89  587.54  6.48

Кубалық боксшы Жәнібек Әлімханұлын қатаң жазалауды талап етті

7 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас, АҚШ) өтеді деп жоспарланған үш белдік үшін айқас соңғы сәтте тоқтатылған еді.

Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, кубалық боксшы Эрисланди Лара допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлын қатаң жазалауды талап етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

7 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас, АҚШ) өтеді деп жоспарланған үш белдік үшін айқас соңғы сәтте тоқтатылған еді. Себебі 15 қарашада алынған Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылған. Осыған байланысты жекпе-жек ресми түрде кейінге қалдырылып, Лара енді венесуэлалық Йохан Гонсалеспен кездеседі.

Менің ойымша, ол міндетті түрде жазалануы керек. Допинг-тест оң нәтиже көрсетті. 32 жастағы боксшы 42 жастағы қарсыласымен айқас алдында тыйым салынған заттарды қолданған. Бұл үшін ол жауапқа тартылуы тиіс, –  деді Лара америкалық журналистерге берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары