$ 522.38  612.6  6.54

Төрт қазақ боксшысы Әлем чемпионатында алтынға таласады

Бұл біріншілікте Теміртас Жүсіпов пен  Ертуған Зейнуллинов  қола жүлдеге ие болды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Дубайда IBA ұйымдастыруымен ерлер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты бәсекенің ақтық сынында төрт боксшымыз алтын жүлдеге таласады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Атап айтар болсақ, 54 келіде Сәкен Бибосынов ресейлік Вячеслав Рогозинмен чемпиондық атақты сарапқа салады.

Ал 57 келінің өкілі Оразбек Асылқұлов финалда тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен алтын жүлдеге таласады.

Бұдан өзге ұлттық құраманың тәжірибелі боксшысы Абылайхан Жүсіпов 71 келінің шешуші сынында ресейлік Сергей Колденковпен өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, бұл Абылайхан Жүсіповтың әлем чемпионатынан еншілеп отырған төртінші жүлдесі.

Бұған дейін ол үш рет қола жүлде еншілеген. Бұған қоса Абылайхан ерлер арасынан ел тарихында әлем чемпионатында Серік Сапиевтен кейін төрт жүлде алып отырған екінші боксшы.

75 келіде Сабыржан Аққалықов тағы бір ресейлік Исмаил Муцольговпен жекпе-жек өткізеді.

Бұл біріншілікте Теміртас Жүсіпов пен  Ертуған Зейнуллинов  қола жүлдеге ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары