13.12.2025, 21:30

Әлем чемпионаты: Оразбек Асылқұлов Қазақстан құрамасына екінші алтынды салды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Оразбек Асылқұлов 57 келіде ел намысын қорғады.

Отандасымыз алтын жүлдені тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен сарапқа салды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

1-раундта төрешілер Оразбек Асылқұловтың басымдығына қолдау білдірді. Одан кейінгі раундтарда да Оразбек қарқынын бәсеңдеткен жоқ.

Нәтижесінде, қазақстандық боксшы әлем чемпионы атанды.