Кәсіпқой бокстан WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін Калифорния штатындағы Карсон қаласында 18 қазан күні өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz.
Головкиннің қарсыласы орта салмақтағы WBC белбеуін уақытша иемденіп жүрген Марко Антонио Рубио.
«Келесі кездесуімнің Калифорнияда өтетіні үшін қобалжулық бар. «StubHub Center» кешенінде өтетін жекпе-жектерге баруды жақсы көруші едім, енді өзім сонда өнер көрсетпекпін» деді Головкин тілшілерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұның алдында Рубио Головкинді нокаутқа жіберемін деп мәлімдеген болатын.