$ 444.32  473.33  4.76

Артаев пен Головкиннің осыдан 17 жыл бұрынғы жекпе-жегі (ВИДЕО)

Ғаламторда Бақтияр Артаев пен Геннадий Головкиннің оқушы кездеріндегі боксы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Бұл бейнежазбада Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогінің иегері Бақтияр Артаев пен әуесқой бокстан Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионы және кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкиннің осыдан 17 жыл бұрынғы кездесуі берілген.

Болашақ қос спорт жұлдызы 1997 жылы Шымкент қаласында өткен мектеп оқушылары спартакиадасында кездескен. Олардың жұдырықтасу мәнері, техникалық шеберлігінен боксқа енді қадам басқандары көрініп тұр.

Екеуінің жекпе-жегінің қорытындысы Геннадийдің пайдасына шешіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары