Тізімде мадридтік «Реалға» тең келер қарсылас табылмай тұр.
Олардың командасындағы ойыншылардың жалпы нарықтық құны 1,38 миллиард еуроға бағаланған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Transfermarkt порталының жаңа рейтингіндегі екінші орын лондондық «Арсеналға» тиесілі. Команда 1,29 миллиард еуро көрсеткішке ие. Үздік үштікке 1,19 миллиард еуроға бағаланған «Манчестер Сити» мен Францияның ПСЖ клубы кіріп отыр.
Сонымен қатар, алғашқы ондықта «Челси», «Барселона» және «Ливерпуль» клубтары бар. Олардың да құрамының құны бір миллиард еуродан асып-жығылады.
Transfermarkt нұсқасы бойынша үздік 10 клуб: