26.12.2025, 21:30

Дастан Сәтпаев тағы бір ерекше марапатқа ие болды

Фото: arena.olimpbet.kz

Аталмыш іс-шара барысында Дастан Сәтпаев "Спорттағы үздік серпіліс" номинациясын жеңіп алды.

Қазақстан ұлттық құрамасы мен  алматылық “Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев  ерекше марапатқа ие болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

26 желтоқсан Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі жыл қорытындысы бойынша спортшылар және олардың бапкерлерін әрі спорт ұйымдарының жетістіктерін сараптап, үздіктерді марапаттады.

Аталмыш іс-шара барысында Дастан Сәтпаев "Спорттағы үздік серпіліс" номинациясын жеңіп алды.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев өткен маусымда “Қайрат” сапында 41 матч өткізіп, 19 мәрте гол соқты. Сонымен қатар 8 нәтижелі пас берген.

Жалпы 2025 жыл 17 жастағы Дастан Сәтпаев үшін ең табысты жылдардың бірі болды. Солардың бірнешеуіне тоқталсақ. Бұған дейін Дастан Сәтпаев әлемдік 5 үздік жас футболшылардың қатарына іліккен еді. Бұл қазақстандық шабуылшының болашағы жарқын екенінің айқын көрсеткіші. 

Ол 2025 жылы “Қайрат” сапында Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде гол соқты. Осылайша ол Чемпиондар лигасының тарихында гол соққан ең жас футболшылардың бірі атанды. Бұған қоса қараша айында ұлттық құрамада “Бельгия” қақпасынан саңылау тауып, кезекті рекорд жаңартты. Дастан Сәтпаев әлемдегі алпауыт жас футболшылармен терезесі тең ойнай алатынын тағы бір дәлелдеді.