29.12.2025, 10:40

Футболшы Ғалымжан Кенжебек ресейлік клубқа ауысамын деп сынға қалды

Фото: ҚФФ

Бұл жайлы спорт комменататоры Ермұхамед Мәулен өз телеграм каналында жазды.

Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Ғалымжан Кенжебек Ресейдің «Ахмат» футбол клубына ауысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл жайлы спорт комменататоры Ермұхамед Мәулен өз телеграм каналында жазды.

Тараз футбол мектебінің түлегі Ғалымжан Кенжебек Ресейдегі “Ахмат” командасына ауысты. Енді ол Станислав Черчесов баптайтын клубта өнер көрсететін болады. Айта кетуіміз керек, бұл командада Максим Самародов та ойнайды. Енді Шешенстанның командасында жақын арада екі қазақстандық ойыншы болады деген сөз, - деп жазды журналист.

Осы тұста желі қолданушылар Ғалымжанның таңдауына қатысты түрлі сын пікір жазды.

"Мансапты емес ақшаны таңдап кетті", "Жақсы клубтың назарына ілігіп кетсе деген ой болып еді", "Талғамы жоқ", деді олар.