$ 504.76  593.8  6.5

«Өзімді дәлелдедім»: Жалғас Жұмағұлов қазақстандықтарға үндеу жасады

Бүгінгі жеңіс – соның нәтижесі.

Фото: Instagram @zhumagulov_zhalgas
Фото: Instagram @zhumagulov_zhalgas

Oktagon лигасында аса жеңіл салмақта чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғаған ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов қазақстандық жанкүйерлерге жүрекжарды үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Бұл – баршамыздың ортақ жеңісіміз. Елдің, халықтың жеңісі. Маған жанкүйер болған әрқайсыңызға үлкен рахмет. Чемпиондық белбеуді қорғап, көк туымызды биікке көтергеніме қуаныштымын. Мылжың еместігімді кезекті мәрте дәлелдедім. Мені қолдағандарға да, қолдамағандарға да рахмет. Бүгін біз жеңіске жеттік. Бұған дейін де айтқанмын, қазір 37 жастамын, ал қазақтар 35-тен кейін ашыла түседі. Қандай деңгейге жеткенімді өздеріңіз де көрдіңіздер. Тынымсыз еңбек еттім, темірдей тәртіп сақтадым. Екі ай бойы қатаң диета ұстадым. Бір артық қадам жасаған жоқпын. Барлығы режимге сай өтті. Бүгінгі жеңіс – соның нәтижесі», – деді Жалғас Жұмағұлов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, 28-інен 29 желтоқсанға қараған түні Жалғас Жұмағұлов Прагада (Чехия) өткен Oktagon 81 турнирінде жергілікті файтер Давид Дворжакты мерзімінен бұрын жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары