Бұл жағдай жанкүйерлер үшін де, боксшының өзі үшін де өкінішті.
Кәсіби боксшы әрі жаттықтырушы Виктор Коточигов қазақстандық чемпион, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Коточиговтың айтуынша, бұл жағдай жанкүйерлер үшін де, боксшының өзі үшін де өкінішті.
«Жәнібекке қатысты айтсам, өте өкінішті жағдай. Барлығы оның Лараға қарсы жекпе-жегін күтті. Не болса да, болғаны болды. Жәнібекке тек сәттілік тілеймін. Ал чемпиондық белбеулерге қатысты шешімді промоутерлер қабылдайды. Соңында не болатынын уақыт көрсетеді, - деді ол.
Еске сала кетейік, желтоқсан айының басында Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық Эрисланди Лара арасында үш чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтуі тиіс болған. Алайда қазақстандық боксшының допинг сынамасынан өте алмауына байланысты (талдау нәтижесінде мельдоний анықталған) кездесу соңғы сәтте тоқтатылды.
Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлының болашағы, сондай-ақ чемпиондық титулдарының тағдыры промоутерлер мен бокс ұйымдарының шешіміне байланысты болмақ.