31.12.2025, 14:00

«Сүйіктісі ме?»: Танымал футболшы Дастан Сәтпаев белгісіз арумен көзге түсті

Фото: шnstagram.com/d.satpayev

Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының 17 жастағы жас шабуылшысы Дастан Сәтпаев желіде белгісіз арумен көзге түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алайда бойжеткенді футболистің сүйіктісі дегендер де жоқ емес.

Футболшы суретті Instagram желісіндегі парақшасының Stories бөлімінде бөліскен. Кадрда жұп тау шаңғысы курортында түскен, олардың жүздері шарфтар мен қысқы көзілдіріктердің астында жасырылған.

Бұған дейін Дастан Сәтпаевтың әлемдегі ең жас дарынды футболшылардың топ-5 қатарына енгені хабарланған еді.