19.01.2026, 18:00

Көптен күткен сәт: Жәнібек Әлімханұлына қатысты дауға бүгін нүкте қойылады

Фото: sports.kz

Құжатта кәсіпқой боксшының «B» сынамасы WADA ережелеріне толық сәйкес зерттелгені жазылған. 

Қазақстанның WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауын арнайы комиссия қарауға жақын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбековтің сөзінше, бүгін АҚШ-та өтетін отырыста допинг дауының түпкілікті шешімі шығады. Комиссия допингтің «B» сынамасын ашқаннан кейінгі нәтижелерді талқыламақ. 

Федерация басшысы VADA ұйымынан келген ресми хат мәтінін жария етті. Құжатта Жәнібек Әлімханұлының «B» сынамасы WADA ережелеріне толық сәйкес зерттелгені көрсетілген. 

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтетін еді. Десе де, допинг дауына байланысты кездесу кейінге шегерілген болатын.