Айырмашылығын сезіп тұрсың ба?
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзін қазақстандық футболшылармен салыстырып, олардың арасындағы айырмашылықты ашық айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшының сөзінше, ол шетелде өткізген жекпе-жектерінен тапқан табысын Қазақстанға әкелсе, кейбір футболшылар керісінше ел қаржысын сыртқа шығарып жүр.
«Мансабымдағы 40 жекпе-жек арқылы мен өзге елдерден 2 миллион доллар “тартып алып”, оны Қазақстанға алып келдім! Ал сендер, футболшылар, ақшаны Қазақстаннан әкетіп жатырсыңдар! Оның үстіне, бұл – халықтың ақшасы. Айырмашылығын сезіп тұрсың ба?» – деді Қуат Хамитов.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі спортшының сөзін қолдап, қазақстандық футболдағы қаржы мәселесін көтерді десе, енді бірі оның пікірін тым қатқыл деп бағалады.
Айта кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін де отандық спорт пен футбол саласындағы проблемаларға қатысты өткір пікірлерімен жиі көзге түскен болатын.