$ 502.27  597.15  6.57

«Өте қуаныштымын»: Геннадий Головкин бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкеріне сый жасады (ВИДЕО)

Ай Генажан-ау, ақкөңілсің ғой, шіркін!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлемдік боксшы, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы Геннадий Головкин Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкері Түлкін Киличевке сыйлық жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Әлемдік бокстың жарқын жұлдызымен, қадірлі адаммен, Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкинмен кездескеніме өте қуаныштымын», — деп жазды өзбекстандық маман әлеуметтік желіде.

Желі қолданушылары олардың кездесуіне қатысты түрлі пікір қалдырған.

"Ай Генажан-ау, ақкөңілсің ғой, шіркін!", "Толқын аға абыройлы. Головкиннің өзі сыйлық жасап жатыр", "Гена, сенбе оларға. Олардың ойы - келесі Олимпиадада алтын ау", - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0