$ 502.27  597.15  6.57

Спортшылар арасындағы айқас: Серік Сәпиевке айып тағылды

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы дауға қатысты жүргізілген тексеріс аяқталды. Қызметтік тергеу нәтижесінде Серік Сәпиевтің мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзғаны анықталған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Агенттік тарапынан жүргізілген тексеріс қорытындысында шенеуніктің мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіретін әрекетке жол бергені айтылған. Ресми қорытындыда Серік Сәпиевтің өзін қоғамдық ортада лайықсыз ұстағаны, ұжымдағы қалыпты жұмыс атмосферасын сақтауға ықпал етпегені және орынбасарына қатысты әдепке сай емес әрекет жасағаны көрсетілген.

«Ол қоғам алдында мемлекеттік органның абыройы мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол беріп, ұжымда кәсіби әрі оң жұмыс қарым-қатынасын нығайтуға ықпал етпеген, сондай-ақ әріптесіне қатысты этикаға жат мінез-құлық танытқан», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0