$ 495.1  583.72  6.46

«Жаным ашыды»: Америкалық файтер Шавкат Рахмоновқа аяушылық білдірді

Қолында арнайы бекітпелер болды.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

UFC-дің бұрынғы файтері Чейл Соннен қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың жарақатына қатысты ойын айтты. Отадан кейін октагонға оралуын кейінге қалдырған Рахмоновтың жағдайы оны алаңдатқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Видеодан Шавкатты көргенде, оның жай ғана балдақпен жүргенін емес, әлдеқайда ауыр жағдайда екенін байқадым. Қолында арнайы бекітпелер болды. Сол сәтте оның басына үлкен қиындық түскендей әсер қалдырды. Оны көріп, шын мәнінде жаным ашыды. Бұл күтпеген әрі мазасыз күйге түсіретін көрініс еді. Тіпті «бұл расымен Рахмонов па?» деп қайта сұрауға тура келді», — деді Чейл Соннен.

Айта кетейік, UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Алматыда өткен MMA Naiza 80 турниріне арнайы қонақ ретінде барды. UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде екінші орында тұрған отандасымыздың балдақпен жүргенін көруге болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0