$ 495.1  583.72  6.46

Атырауда әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали атындағы спорт кешені салынады

Құрылыс жұмыстары жақын уақытта басталады. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Атырауда грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали атындағы спорт кешені салынады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы өңірдегі күрес түрлері федерациясының президенті Арман Тоғаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, бір топ спорт жанашырларымен бірге жобаның таныстырылымы өтіп, құрылыс жұмыстары жақын уақытта басталады.

«Атырауда грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали атындағы спорт кешені бой көтереді. Жобаны іске асыруға Атырау облыстық күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Сатаев жауапты болады. Қазақтың батырларын әрдайым қолдап, қорғай білейік. Айдос Сұлтанғалиді спорт кешенінің іргетасын қалау рәсіміне арнайы Атырауға шақырамыз. Алла қаласа, нысанның құрылысын толық аяқтауға бар күшімізді саламыз», — деді Арман Тоғаев.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында Атырауда грек-рим күресінен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан атындағы спорт кешені пайдалануға берілген болатын.

Айдос Сұлтанғали 2025 жылдың қыркүйек айында Хорватияның астанасы Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында грек-рим күресінен 60 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Ол классикалық күрес тарихында 26 жылдық үзілістен кейін Қазақстанға әлем чемпионатының алтын жүлдесін әкелген алғашқы балуан атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0