$ 491.88  585.83  6.36

Дастан Сәтпаевқа қатысты жағымсыз жаңалық шықты

Шабуылшы денсаулығына байланысты "Қайраттың" қаңтарда өткен Чемпиондар лигасындағы соңғы екі ойынын өткізіп алды.

Фото: ФК "Қайрат"
Фото: ФК "Қайрат"

"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі Дастан Сәтпаевтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды.

"Медициналық көрсеткіштерге байланысты "Қайрат" шабуылшысы емін Қатарда жалғастырады, содан кейін Алматыда командаға қосылады", - делінген хабарламада.

Өткен аптада Дастан Сәтпаев жарақаты жазылып, "Қайрат" командасына оралған болатын. Шабуылшы денсаулығына байланысты "Қайраттың" қаңтарда өткен Чемпиондар лигасындағы соңғы екі ойынын өткізіп алды. Алматылық команда өз алаңында бельгиялық "Брюггеден" 4:1, ал англиялық "Арсеналдан" сырт алаңда 3:2 есебімен жеңілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0