$ 496  588.01  6.42

Қуат Хамитов Батуми төрінде бразилиялық Алан Силваны жеңді

Осылайша, Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізді. 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (27-8-2) Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 аралас жекпе-жек турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.

Хамитов жекпе-жекте бразилиялық Алан Силвамен (19-11-1) кездесті. Жартылай орта салмақта өткен кездесу үш раундқа жоспарланып, қазақстандық спортшының төрешілердің бірауызды шешімімен жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы 28-жеңісіне қол жеткізсе, Алан Силва профи мансабындағы 12-жеңілісіне ұшырады. Хамитов үшін бұл өткен жылдың қазан айынан бергі ММА ережесі бойынша алғашқы айқас болды. Ол соңғы рет ресейлік файтер Анатолий Бойконы (12-5) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Ал Силва бұған дейін желтоқсан айында жекпе-жекке шығып, екінші раундта отандасы Моасир Рошаны (14-10-1) сабмишн әдісімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0