$ 496  588.01  6.42

Геннадий Головкин Михаил Шайдоровты Олимпиада алтынымен құттықтады

"Еліңе орасан зор мақтаныш сыйладың". 

Фото: Сәли Сабыров
Фото: Сәли Сабыров

Геннадий Головкин Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері Михаил Шайдоровты жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Чемпионның айтуынша, бұл — жылдар бойғы еңбектің, мінездің, тәртіптің және өзіңе соңына дейін сенудің нәтижесі.

"Михаил, сені тарихи Олимпиада алтынымен шын жүректен құттықтаймын!

32 жылдан кейін Қазақстанның Әнұраны қысқы Олимпиада ойындарында қайтадан шырқалды.

Сен бүкіл әлемге нағыз кәсіби спортшы екеніңді дәлелдеп, еліңе орасан зор мақтаныш сыйладың.

Олимпиадалық жолдан өткен адам ретінде бұл жеңістің бағасын жақсы түсінемін", - деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0