$ 496  588.01  6.42

«Көздің жауын алады»: Михаил Шайдоровтың ерекше видеосы тарады (ВИДЕО)

Видеоны көрген желі қолданушылары спортшы мен хореографқа мақтаулары мен алғысын жаудырды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Ақ Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың хореографы Иван Мещеряков желі парақшасында спортшыны жаттықтырған сәтінен видео жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Додаға дайындап, жаттықтыратын хореограф Instagram желісіндегі парақшасында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты жаттықтырған сәтінен видео жариялады.

"Күннен күнге бір мақсатқа – алға басуға ұмтылатын, Михаил Шайдоров", - деп жазды хореограф видео сипаттамасында.

Осы тұста желі қолданушылары спортшының кәсіби шеберлігі мен еңбекқорлығына тәнті болып, түрлі пікір қалдырды. 

"Көздің жауын алады. Бұл сұлулықтың артында үлкен еңбек тұр", "Алтын Мишамызға көмектескен хореографтарға жеке рақметімізді айтамыз", "Неткен тәртіп пен күн сайынғы еңбек! Дайындық та тамаша! Жарайсыңдар!", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0