Геолокацияда «Баку» деп көрсетілген.
Қазақстанның танымал волейболшысы Сабина Алтынбекова Әзербайжан астанасы Баку қаласында Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинмен бірге түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Фото спортшының Instagram парақшасында жарияланған. Геолокацияда «Баку» деп көрсетілген.
Кадрда сондай-ақ Халықаралық күрес федерациясының (United World Wrestling) президенті әрі Халықаралық Олимпиада комитетінің (International Olympic Committee) мүшесі Ненад Лалович те бар.
«Еліміздің ғана емес, шетелде де мақтанышқа айналған Геннадий Геннадьевичпен және Халықаралық күрес федерациясының президенті, Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Ненад Лаловичпен бірге», – деп жазды волейболшы.