Белгілі маман спортшының секіру техникасын жоғары бағалап, оның өнеріне тәнті болғанын жеткізді.
Аңыз бапкер, КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Татьяна Тарасова 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль еншілеген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жеңісіне қуанышты екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Белгілі маман спортшының секіру техникасын жоғары бағалап, оның өнеріне тәнті болғанын жеткізді.
«Мен Шайдоров үшін және оның бапкері үшін өте қуаныштымын. Ол — талантты жігіт. Олимпиаданы лайықты жеңіп алды. Өте таза секірді, техникалық бағасы да өте жоғары болды», — деді Татьяна Тарасова.