Айтулы киімді отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызының қолынан шыққан туынды.
Италияда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоровтың финалдық кезеңде киген киімі мұражайға қойылатын болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айтулы киімді отандық дизайнерлер Сәкен Жақсыбаев пен Ақмарал Жарасқызының қолынан шыққан туынды.
Сондай-ақ бұған дейін Vogue Italia журналының онлайн-нұсқасы Шайдоровтың Олимпиададағы қысқа бағдарламада киген костюмін ерекше дизайынын атап өткен еді. Басылым авторлары киімнің пішініне ғана емес, аксессуарларына да айрықша назар аударған.
"Қазақстан құрамасының өкілі Михаил Шайдоров көрерменді Dune фильміндегі Timothée Chalamet бейнесін еске салатын образымен таңғалдырды. Матаның драпировкасы мен градиентті элементтері костюмнің өзге бөліктерімен үйлесіп, Denis Villeneuve фильмдеріне тән футуристік эстетикаға ишара етеді", – деп жазады басылым.
Енді Михаил Шайдоровтың киімі Лозанна қаласындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің музейінде сақталады.