Асудың қалпына келу процесі ойдағыдай жүріп жатыр, бәрі бақылауда.
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz порталына берген сұхбатында жарақат алған қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (23-3) қалыпқа келу барысы және келесі жекпе-жегінің мерзімі жайлы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Маманның сөзінше, спортшының оңалту процесі жоспарға сай өтіп жатыр.
«Асудың қалпына келу процесі ойдағыдай жүріп жатыр, бәрі бақылауда. Мүмкіндік болса, оның келесі жекпе-жегін мамыр айының ортасы немесе соңына жоспарлағымыз келеді. Қазір қарқынды жұмыс істеп жатырмыз, Асу бірде-бір жаттығуды жіберген жоқ. Жаттығуды тоқтатқан жоқпыз. Қолы да біртіндеп жазылып келеді», – деді Эдуард Базров.
Еске сала кетейік, Алмабаев 1 наурыз күні Мексикада UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда кездесуге бір ай қалғанда қолын сындырып алып, айқастан бас тартуға мәжбүр болды.
Қазіргі таңда Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде сегізінші орында тұр.