Теннисші сыйлыққа жылы шыраймен қарап, ризашылығын білдірді.
Қазақстандық Дінмұхаммед Сыздыков әйгілі теннисші Елена Рыбакинаға қазақтың ұлттық киіміі камзол сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл сәтті ол видеоға түсіріп, Instagram парақшасында бөлісті.
Сыздыков көптеген спортшылар мен шоу-бизнес жұлдыздарына қазақ камзолын сыйлап, көпшіліктің назарын аударған адам ретінде танымал. Еленамен кездесуі Дубайдағы турнир кезінде өтті. Видеода Рыбакина фанаттарға автограф беріп жатқан сәт көрсетіледі. Сол кезде Сыздыков оған камзол сыйлағанын айтты.
Теннисші сыйлыққа жылы шыраймен қарап, ризашылығын білдірді. Кейін камзолды кию керек пе екенін сұрап, оны тәжірибелеп көрді. «Керемет! Көп рахмет», – деп, Рыбакина қуанышын көрсетті.
Бұл сәт әлеуметтік желіде көп талқыланып, спортшының қарапайымдылығы мен қазақ дәстүріне деген қызығушылығын тағы бір дәлелдеді.