$ 489.17  576.63  6.38

«Айтқанымнан қайтпаймын»: Ресейлік файтер Қуат Хамитовті жекпе жекке шақырды

14 ақпанда Рамазан Гасанов (15-0) бразилиялық Витор Фернандес Лимамен (14-11) айқасып, қарсыласын «слэм» әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.

Фото: sportilinet.kz
Фото: sportilinet.kz

Naiza лигасының жартылай орта салмақтағы чемпионы, ресейлік файтер Рамазан Гасанов қазақстандық спортшы Қуат Хамитовпен жекпе-жек өткізуге ниетті. Бұл туралы Namys Fighting хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

14 ақпанда Рамазан Гасанов (15-0) бразилиялық Витор Фернандес Лимамен (14-11) айқасып, қарсыласын «слэм» әдісімен мерзімінен бұрын жеңді. Жеңістен кейін ол октагонда Қуат Хамитовті ашық түрде жекпе-жекке шақырды.

"Сіз Қуат Хамитовті жекпе-жекке шақырдыңыз. Сол ұсынысыңызды растайсыз ба?", деген сауалға ол төмендегідей жауап берді. 

"Айтқан сөзімнен қайтпаймын. Бұл – таза спорттық қызығушылық. Көрермен де осындай тартысты, қызықты кездесу күтеді. Сондықтан мен оған тек спорттық тұрғыдан шақыру тастадым", – деді Гасанов.

Ал Қуат Хамитовтің (28-8-2) өзі жуырда ғана Грузияның Батуми қаласында өткен GFC 36 x GBC 4 турнирінде өнер көрсетті. Ол бразилиялық Алан Силваны (19-12-1) төрешілердің ортақ шешімімен жеңіп шықты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0