Бірінші партияда қазақстандық-италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті.
Қазақстандық теннисші, 18 жастағы Әмір Омарханов жұптық сында Монастир (Тунис) ITF M15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қазақстапдық теннисші италиялық Маттео Сибашимен бірге финалда жарыстың 4-ракеткалары, франциялықтар Александр Обриот – Сезар Бушелагеммен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда қазақстандық-италиялық жұп 6:4 есебімен басым түсті. Олар екінші сетте де сол басымдықтарын сақтап қалды – 6:3. Осылайша, Әмір Омарханов – Маттео Сибаши дода барысында турнирдің фавориттерін жеңіп, үздік шықты.