25.02.2026, 15:00

Тиранадағы беделді халықаралық турнир: Ризабек Айтмұқанның алғашқы қарсыласы анықталды

Фото: ҰОК

Іріктеу кезеңінде Айтмұхан грузиялық балуан Андро Маргишвилимен белдеседі.

25 ақпан мен 1 наурыз аралығында Албания астанасы Тиранада өтетін беделді халықаралық турнир – Muhamet Malo Ranking Tournament аясында қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұханның (97 кг) алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Іріктеу кезеңінде Айтмұхан грузиялық балуан Андро Маргишвилимен белдеседі.

Бұл жекпе-жек турнирдің ең қызықты қарсыласуларының бірі болмақ.

97 келі салмақта әлемдік деңгейдегі бірқатар атақты балуандар бақ сынайды. Атап айтқанда:

Абдулрашид Садулаев (Ресей) Кайл Снайдер (АҚШ) Магомедхан Магомедов (Әзербайжан) Ризабек Айтмұхан (Қазақстан) – Андро Маргишвили (Грузия) – квалификация Айтмұхан/Маргишвили жұбының жеңімпазы – Вики Вики (Үндістан) – 1/8 финал

Спортшы туралы дерек:

Туған күні: 29 сәуір 2004 жыл Туған жері: Қызылжар ауданы, Кішкенекөл ауылы (СҚО) Өкілі: Астана Жеке бапкері: Канат Жолдасбай (әкесі)

Халықаралық жетістіктері:

Азия чемпионаты U-15 – қола (2019, 75 кг) Азия чемпионы U-23 – 2 дүркін (2022, 2023 – 92 кг) Азия чемпионаты – 3 дүркін күміс жүлдегер (2023 – 92 кг; 2024, 2025 – 97 кг) Әлем чемпионаты U-20 – күміс (2023 – 92 кг) Қазақстан тарихындағы еркін күрестен алғашқы әлем чемпионы (2023 – 92 кг) Әлем чемпионы U-20 (2024 – 97 кг) Әлем чемпионы U-23 (2024 – 97 кг) Әлем чемпионаты U-23 – қола (2025 – 97 кг) Исламиада финалисі (2025 – 97 кг) Super 4 Wrestling коммерциялық турнирінің жеңімпазы (2026 – 97 кг)

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.