$ 501.26  590.38  6.54

«Адамдарға есею керек»: Бибісара Асаубаева Жансая Әбдімәлік туралы

Естеріңізде болса, 2023 жылғы наурызда еліміздің танымал екі шахматшысы сөзге келіп қалды.

Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik/әлеумеуметтік желі
Фото: instagram.com/zhansaya_abdumalik/әлеумеуметтік желі

Блиц шахматтан әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева командалас әріптесі болған Жансая Әбдімәлікпен қарым-қатынасы жайлы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Естеріңізде болса, 2023 жылғы наурызда еліміздің танымал екі шахматшысы сөзге келіп қалды. Бибісара мен Жансаяның арасындағы кикілжің әлеуметтік желілерде жалғасты. Дегенмен сол жылы күзде екеуі бірге түскен видеоны жариялап, бәрі ретке келгендей болған. Бірақ Асаубаеваның сөздеріне қарағанда, мәселе әлі шешілмеген тәрізді.

«Сол кездегі суретті мен жариялағанмын. Азия ойындарында түсірілген еді. Оқиға жағымсыз аяқталды, сондықтан ол туралы есіме алғым келмейді. Бұл мен үшін өткен шақ. Олимпиада қарсаңында ол шахматты белсенді түрде ойнап жүрген жоқ еді. Біз тым жас құраммен бардық», - деді Бибісара tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.

Ал тілшінің «Жақын арада татуласады деп күтпейді екенбіз ғой?» деген сауалына ол:

«Адамдарға есею керек» деп жауап қатты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0