$ 501.26  590.38  6.54

23 секундта жеңді: Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде жүлдегер атанды (ВИДЕО)

10:0 есебімен айқын жеңіп шықты.

Фото: Unitedworldwrestling
Фото: Unitedworldwrestling

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан халықаралық турнирде жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Мұхамет Малоны еске алуға арналған халықаралық жарыста қола медаль иеленді. Шешуші белдесуде отандасымыз Үндістан өкілі Джойнти Кумарды небәрі 23 секунд ішінде 10:0 есебімен айқын жеңіп шықты.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан жарыс барысында жартылай финалда ресейлік атақты балуан, екі дүркін Олимпиада чемпионы әрі бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа есе жіберген.

Соған қарамастан, қазақстандық спортшы қола жүлде үшін белдесуде сенімді жеңіске жетіп, халықаралық турнирдің жүлдегерлері қатарынан көрінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0