$ 498.09  577.34  6.41

Дастан Сәтпаевқа қатысты қуанышты хабар шықты

Nigel James Elite Coaching» талантты Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетіп, тәлімгерлік ету құрметіне ие болды

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

«Nigel James Elite Coaching» атты танымал футбол академиясы Дастан Сәтпаевты топ-клубқа дайындауға кірісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Осылайша, академияның негізін қалаушылардың бірі Найджел Джеймс Сәтпаевқа көмек қолын созады. Бұл туралы айтулы академияның әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы жариялады. Ондағы мәліметке сәйкес, англиялық мамандар Қазақстан құрамасының шабуылшысына қолдау көрсетіп, кәсіби дамуына жеке менторлық жасайды. 

– «Nigel James Elite Coaching» талантты Дастан Сәтпаевқа қолдау көрсетіп, тәлімгерлік ету құрметіне ие болды. Дарынды жас ойыншы келесі маусымда «Қайраттан» лондондық «Челси» клубына ауысуды жоспарлап отыр. 17 жастағы шабуылшы – Қазақстан футболында соңғы жылдары шыққан ең жарқын таланттардың бірі. Осылайша, Дастан Сәтпаевты, «Nigel James Elite Coaching» академиясын және «Челси» клубын қызықты оқиғаларға толы кезең күтіп тұр, – делінген академия таратқан ақпаратта. 

Ағылшын мамандары футболшының «Челсиге» толыққанды ауысуына дейін жауап береді. 

Еске салайық, Найджел Джеймс – «Челси» клубының қорғаушысы әрі капитаны Рис Джеймстің әкесі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0