$ 498.09  577.34  6.41

Елена Рыбакина «Эйзенхауэр кубогы» көрме турнирінің жеңімпазы атанды

Турнир кездесулері ерекше форматта – 10 ұпайға дейінгі тай-брейк жүйесі бойынша өтті. 

Фото: sportilinet.kz
Фото: sportilinet.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина америкалық теннисші Тейлор Фритцпен жұптасып, аралас жұптар арасындағы «Эйзенхауэр кубогы» көрме турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Финалдық ойында Рыбакина мен Фритц америкалық спортшылар Аманда Анисимова мен Лёрнер Тьенге қарсы кортқа шықты. Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші мен оның серіктесі 10:7 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атақты иеленді.

Осылайша Рыбакина мен Фритц өткен жылғы жетістігін қайталап, «Эйзенхауэр кубогындағы» титулдарын сәтті қорғап қалды. Айта кетейік, турнир жеңімпаздарына 200 мың доллар көлемінде жүлде қоры табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0