Дүбірлі дода 6-8 наурыз аралығында болады.
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Аустрияның Линц қаласында өтетін Гран-при жарысына қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Дүбірлі дода 6-8 наурыз аралығында болады. Үш күнге жоспарланған жарыс барысында әлемнің 62 елінен 503 балуан сайысқа түседі.
Бұл бәсеке барысында еліміздің ұлттық құрамасы сапында Әбиба Әбужақынова, Ғұсман Қырғызбаев, Абылайхан Жұбаназар, Нұрлыхан Шархан секілді танымал спортшылар татамиге шығады.
Ерлер құрамасында Аман Бақытжан, Шерзод Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев (66 келі), Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов (73 келі), Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат (81 келі), Айдар Арапов (90 келі), Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан (100 келі), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.
Ал әйелдер құрамасында Әбиба Әбужақынова, Диана Буркеева (48 келі), Дана Абдирова, Бақыт Құсақбаева (57 келі), Эсмигүл Куюлова (63 келі), Ажар Асхат (70 келі), Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары) бар.
https://kaz.inform.kz/news/dzyudodan-austriyadagi-gran-pri-zharisina-baratin-kazakstan-kuramasi-aniktaldi-6cdde1/