$ 491.59  572.16  6.24

«Қызымды осылай тәрбиелегім келеді»: Қуат Хамитов хиджабтағы бүлдіршіннің суретін жариялады

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды. 

Фото: Threads
Фото: Threads

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов әлеуметтік желідегі парақшасында қыз тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы жариялаған жазбасында бала тәрбиесін ерте жастан дұрыс қалыптастыру маңызды екенін атап өткен. Ол мұндай көзқарас өзіне ұнайтынын және болашақта қызын да дәл осындай бағытта тәрбиелегісі келетінін жеткізді.

«Маған кішкентай кезден бастап осындай тәрбие беру тәсілі ұнайды. Қызымды да дәл осылай тәрбиелегім келеді», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары осы тұста түрлі пікір жазды. 



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0