Алтын медаль саны бойынша Қазақстан Өзбекстан және АҚШ құрамаларымен тең нәтиже көрсетті.
Таиландтың Бангкок қаласында бокстан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында алғаш рет ұйымдастырылған «Future Cup» (Futures Cup U-19) халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 4 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, жалпы медальдық есепте екінші орынға тұрақтады.
Алтын медаль саны бойынша Қазақстан Өзбекстан және АҚШ құрамаларымен тең нәтиже көрсетті. Алайда күміс жүлденің біреуіне кем болғандықтан, өзбек боксшылары алға шықты. Ал Қазақстан құрамасы бұл көрсеткіш бойынша америкалықтарды артта қалдырды.
Турнирде алтын медаль иеленген елдер: Өзбекстан, Қазақстан, АҚШ – 4, ал Англия, Франция, Самоа, Үндістан, Италия, Украина, Жапония және Грузия – 1 алтыннан жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының қоржынына түскен төрт алтын медальді:
Айдана Убайдуллақызы (80 кг)
Досжан Жұмахан (60 кг)
Хамза Мақсатұлы (75 кг)
Бейбарыс Әшірбай (70 кг)
жеңіп алды.
Күміс жүлдегерлер:
Жалғас Өтебеков (90 кг)
Камила Оспанова (70 кг)
Тимур Тайбеков (80 кг)
Владислав Саможонов (90+5 кг)
Қола медаль иегерлері:
Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг)
Ақнұр Тұрсынғали (57 кг)
Зарина Толыбай (75 кг)
Айта кетейік, аталған турнирге Қазақстан құрамасының бастапқы тізімінде 19 боксшы (10 ер, 9 әйел)тіркелген.