Бұл – еліміздің теннис тарихындағы бұрын-соңды болмаған тарихи нәтиже.
Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орынға көтерілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл – еліміздің теннис тарихындағы бұрын-соңды болмаған тарихи нәтиже.
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінде жартылай финалған шыққан соң 7523 ұпаймен рейтингтегі орын жақсартты. Осылайша ол рейтингте екінші орында болған Польша елінің өкілі Ига Швёнтекті үшінші орынға ығыстырды.
Идиан-Уэллс турнирінде Елена Рыбакина финалға шыққан еді. Ол шешуші сында әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкаға қарсы ойнады. Тартыстқа толы матчта отандасымыз Беларусь теннисшісіне жол берді. Қос теннисші бұған дейін 2025 жылы Аустралия ашық чемпионатының финалында жолыққан.
Сол кезде Елена Рыбакина басым түссе, бұл жолы Арина Соболенка қарымта қайтарды Сондай-ақ Арина Соболенка рейтингкте көшбасшы орнын сақтап қалды.