20.03.2026, 12:00

Головкин әлемдік рейтингтің ТОП-3-іне енді: орта салмақтағы үздіктер тізімі жарияланды

Фото: ҰОК

Топ-10 тізімін аңызға айналған америкалық боксшы Bernard Hopkins бастап тұр.

Авторитетті BoxingScene сайты XXI ғасырдағы орта салмақтағы ең үздік чемпиондардың өз рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Топ-10 тізімін аңызға айналған америкалық боксшы Bernard Hopkins бастап тұр. Екінші орынға қазақстандық даңқты чемпион Gennady Golovkin жайғасты. Үздік үштікті аргентиналық бұрынғы чемпион Sergio Martinezтүйіндеді.