20.03.2026, 13:00

Әлемнің үздік клубтары: Тізімде «Қайрат» бар

Фото: ФК "Қайрат"

Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, «Қайрат» Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды.

Opta суперкомпьютері футбол клубтарының жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Тізімге 13 мыңнан астам команда енді, олардың қатарында Қазақстан Премьер-лигасының клубтары да бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Рейтингті жасау кезінде команданың ұлттық чемпионаттағы нәтижелері, лиганың жалпы деңгейі, сондай-ақ ел мен құрлық рейтингі ескерілген.

Қазақстан клубтарының ішінде ең жоғары орынды алматылық «Қайрат» иеленді. Команда 24 сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 486-орынға жайғасты. Осылайша, «Қайрат» Қазақстаннан топ-500-ге енген жалғыз клуб атанды.

Әлемнің алғашқы мыңдығына Қазақстаннан тағы үш клуб кірді. Олар: «Астана» – 591-орын, «Тобыл» – 877-орын және «Ақтөбе» – 963-орын.

Opta рейтингіндегі ҚПЛ клубтарының орындары:

«Қайрат» – 486 (+24) «Астана» – 591 (-16) «Тобыл» – 877 (-34) «Ақтөбе» – 963 (-22) «Елімай» – 1032 (-31) «Ордабасы» – 1141 (+108) «Жеңіс» – 1500 (-109) «Оқжетпес» – 1629 (+198) «Қызылжар» – 1687 (-81) «Қайсар» – 1838 (+60) «Каспий» – 1912 (-162) «Атырау» – 1939 (+45) «Ертіс» – 1957 (-7) «Алтай» – 2087 (+82) «Ұлытау» – 2323 (+130) «Жетісу» — 2382 (+98).
Тегтер: футбол Қайрат