$ 482.33  557.57  5.74

Рыбакина Майамидегі турнирде Путинцеваны жеңді

Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласын екі сетте жеңді - 6:3, 6:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Майамиде өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирде қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева арасындағы әйелдер арасындағы жекелей сындағы екінші айналым матчі аяқталды, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласын екі сетте жеңді - 6:3, 6:3. Матч 1 сағат 17 минутқа созылды. Рыбакина тоғыз эйс жасап, екі қос қателік жіберді және алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Путинцева бір эйс орындап, қос қателік жіберген жоқ және матч барысында алған үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асырды.

Келесі кезеңде Елена Рыбакина әлемнің 27-ракеткасы Марта Костюкпен кездеседі.

Miami Open турнирі 17–28 наурыз аралығында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 18 831 450 доллар (шамамен 9,08 миллиард теңге), ал жекелей сында жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады.

Турнирдің қазіргі чемпионы - әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0