$ 482.53  555.44  5.92

Қазақстандық ММА спортшысы Таиландта жол апатына түсті

Резниковтың сөзінше, жол-көлік оқиғасы түзу жолда орын алған.

Фото: instagram.com/artem.rez
Фото: instagram.com/artem.rez

Қазақстандық ММА спортшысы Артем Резников Таиландтың Пхукет аралында өткен жаттығу жиыны кезінде жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Спортшы Sports24.kz басылымына берген сұхбатында оқиғаның Банг Тао ауданында болғанын айтып, оның қалай өрбігенін баяндаған. Сонымен қатар, ол жергілікті полицияның шешімі өзін таңғалдырғанын да жеткізді.

Резниковтың сөзінше, жол-көлік оқиғасы түзу жолда орын алған. Ол мотоциклмен келе жатып, алдағы көлікті басып озбақ болған сәтте, жүргізуші кенеттен бұрылған.

Қауіпті жағдайға қарамастан, спортшы ауыр жарақат алмаған. Ол тек жеңіл жарақат пен бірнеше сызатпен құтылған.

"Мен мотоциклмен басып озуға шықтым, сол кезде көлік күрт оңға бұрылды. Тіпті күтпедім – ол жерде қиылыс та жоқ, түзу жол еді. Тай полициясының айтуынша, екеуміз де кінәліміз: жүргізуші мен басып озу кезінде маневр жасаған, ал мен ол жерде басып озбауым керек екен – сары тұтас сызық бар дейді. Мен оларға: "Ондай сызық жоқ қой" дедім. Полицейлер: "Бұрын болған, тек өшіп кеткен" деді. Соңында әркім өз көлігін өзі жөндесін деген шешім шығарды. Жүргізушімен жеке сөйлескен жоқпыз", – деді Резников.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0