$ 482.53  555.44  5.92

Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогында күміс жүлдеге ие болды

Отандасымыз финалда Украина спортшысы Роман Свичкарьмен шеберлік байқасып, 12:15 есебімен қарсыласына жол берді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Семсерлесуден алғаш рет елордада өтіп жатқан әлем кубогында ел қоржынына бірінші жүлде түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан құрамасының шпага бойынша өкілі Руслан Құрбанов күміс жүлдеге ие болды. 

Отандасымыз финалда Украина спортшысы Роман Свичкарьмен шеберлік байқасып, 12:15 есебімен қарсыласына жол берді.

Русланның әлем кубогындағы жеңісті жолы:

1/32 финал. Дмитрий Швелидзе - 15:8

1/16 финал. Филипе Фразао - 15:11

1/8 финал. Мигель Фразао - 15:10

1/4 финал. Коки Кано (2 дүркін Олимпиада чемпионы) - 9:8

1/2 финал. Давид Надь - 15:13

Айта кетейік, ертең командалық сайыстар өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0