$ 482.53  555.44  5.92

Еркебұлан Тоқтар қырғызстандық Марсельге есе жіберді (ВИДЕО)

Қазіргі таңда оның рекорды — 11 жеңіс, 3 жеңіліс.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz

Қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype FC 28 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тоқтар қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулымен жекпе-жек өткізді.

Жеңіл салмақта өткен кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Қырғызстан спортшысының жеңісімен аяқталды.

Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі (ММА) кәсіби мансабына келсек, қазіргі таңда оның рекорды — 11 жеңіс, 3 жеңіліс. Соңғы жекпе-жегін ол өткен жылдың тамыз айында өткізіп, ирандық файтер Фарзад Гадериді (19-17) екінші раундта нокаутпен жеңген.

Ал Марсель Нұрланбек уулудың ММА-дегі статистикасы — 14 жеңіс, жеңіліссіз. Соңғы кездесуін ол 2024 жылдың тамызында өткізіп, өзбекстандық спортшы Фарход Эргишбаевты (4-3) нокаутпен жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0