Екінші турда Бибісара Асаубаева ақ тастармен ресейлік шахматшы Александра Горячкинаға қарсы ойнайды.
2026 жылғы 28 наурызда Кипрдің Пафос қаласына қарасты Пейя өңіріндегі «Cap St Georges Hotel & Resort» кешенінде FIDE Candidates Tournament турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бүгін бірінші турда қазақстандық шахматшы үндістандық Вайшали Рамешбабуға қарсы қара фигуралармен ойнап, тең нәтижеге қол жеткізді. Партия кезінде Вайшали уақыт жағынан қиындықтарға тап болды. 27-ші жүрістен кейін оның уақытында небәрі 38 секунд қалып, бірінші бақылауға дейін тағы 13 жүріс жасау қажет еді. Соған қарамастан, үндістандық шахматшы уақыт тапшылығынан шығып, ойын тең аяқталды.
Екінші турда Бибісара Асаубаева ақ тастармен ресейлік шахматшы Александра Горячкинаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, 29 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтіп жатқан турнир жеңімпазы қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньге қарсы әлем чемпионы атағы үшін матч өткізу мүмкіндігіне ие болады.
Турнирдің жүлде қоры 300 000 еуроны құрайды. Жүлдегерлерге берілетін сыйақы көлемі мынадай: бірінші орын иегері 28 000 еуро, екінші орын 17 000 еуро, ал үшінші орын 8600 еуро алады. Сонымен қатар, әрбір жиналған жарты ұпай үшін ойыншыға 2200 еуро көлемінде қосымша сыйақы қарастырылған. Ұпай саны бірдей болған жағдайда, қатысушылар ақшалай жүлдені тең бөліседі.