$ 478.77  548.62  5.87

1 жылға шеттетілді: UFC-ге өткен Әліби Ыдырыс допингпен ұсталды

Бұл туралы ресми түрде Combat Sports Anti-Doping хабарлады.

Фото: UFC
Фото: UFC

Қазақстандық UFC жауынгері Әліби Ыдырыс антидопинг ережелерін бұзғаны үшін бір жылға шеттетілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

2026 жылдың 21 ақпанында АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде алынған допинг-сынамада тыйым салынған гидрохлоротиазид заты анықталған. Бұл диуретик және маскировка жасайтын препараттар қатарына жатады және кез келген уақытта қолдануға тыйым салынған.

Сол кеште Ыдырыс төрешілер шешімімен Оде Осборн-ды жеңген болатын.

Жауынгердің өзі препаратты жекпе-жекке екі күн қалғанда, яғни 19 ақпанда салмақ қуу кезінде қабылдағанын мойындады.

Ыдырыс антидопинг ұйымымен толық ынтымақтастық танытқанына қарамастан, дисквалификация мерзімі қысқартылған жоқ. CSAD бұл әрекетті жекпе-жек аптасында әдейі қолданылған және спортшыға артықшылық берген өрескел бұзушылық деп бағалады.

Дисквалификация мерзімі:

  • Басталуы – 2026 жылғы 21 ақпан
  • аяқталуы – 2027 жылғы 21 ақпан

Қазіргі уақытта Texas Department of Licensing and Regulation бұл іс бойынша бөлек шешім қабылдайды. Егер ереже бұзушылық расталса, Ыдырыстың Осборнға қарсы жеңісі жойылып, жекпе-жек нәтижесі өтпеген деп танылуы мүмкін.

Айта кетейік, Әліби Ыдырыс UFC ұйымында допинг сынамасынан өте алмаған алғашқы қазақстандық спортшы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0