$ 478.77  548.62  5.87

World Boxing: Қазақ боксшылары шаршы алаңға қашан шығады?

Құрлықтық додада 9 сәуірде әйелдер, 10 сәуірде ерлер арасында финалдық бәсекелер өтеді.

Фото: Қазақстан бокс федерациясы
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар алдағы жекпе-жектерін қай күндері өткізетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Құрлықтық дода 10 сәуірге дейін созылады. Онда еліміздің атынан барлығы 20 боксшы (ерлер - 10, әйелдер -10) аттанды. Қазір олардың арасынан Жазира Орақбаева (51 келі, Элина Базарова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Ал бүгін, 1 сәуірде Оразбек Асылқұлов (60 келі) филиппиндік Поль Басконды жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңі

2 сәуір

65 келі: Ертуған Зейнуллинов – Ю Линь (Тайбэй)

Ширек финал

3 сәуір

70 келі: Төрехан Сабырхан – Ким Юн Су (Оңтүстік Корея) мен Шамшер Саидов (Тәжікстан) жұбының жеңімпазы

55 келі: Махмұд Сабырхан – Махди Альмасалех (Иордания) пен Шахзод Музафаров (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы

4 сәуір

65 келі: Лаура Есенкелді – Боро Анкушита (Үндістан)

50 келі. Санжар Тәшкенбай – Баглан Ергешов (Қырғызстан) пен Вишванат Суреш (Үндістан) жұбының жеңімпазы

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай – Бекнур Хали (Моңғолия) мен Арман Маханов (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы

5 сәуір

48 келі: Әйгерім Сәттібаева – Сабина Бобокулова (Өзбекстан)

75 келі: Валентина Хальзова – Суен Сон (Оңтүстік Корея)

75 келі: Сабыржан Ақалықов – Яги Талга (Жапония)

80 келі: Ерасыл Жақпеков – Сагын Сатыбалды (Қырғызстан) мен Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан) жұбының жеңімпазы

Жартылай финал

6 сәуір

70 келі: Бақыт Сейдіш – Суджин Сон (Оңтүстік Корея) мен Алимире Абудурейиму (Қытай) жұбының жеңімпазы

80 келі: Надежда Рябец – Пуджа Рани (Үндістан)

80 келі: Дина Исламбекова – Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

7 сәуір

85 келі: Нұрбек Оралбай – Барлаахан Дору (Моңғолия) мен Мохаммад Сулейман (Иордания) жұбының жеңімпазы.

Құрлықтық додада 9 сәуірде әйелдер, 10 сәуірде ерлер арасында финалдық бәсекелер өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#бокс #спорт