Тәшкенбай мен Суреш арасындағы кездесу 4 сәуір күні өтеді.
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының боксшысы Санжар Тәшкенбайдың алғашқы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Ташкенбай жарысты ширек финалдан бастайды. Ол 1/8 финалда Қырғызстан өкілі Бекзат Ергешовты 5:0 есебімен жеңген үндістандық Вишванат Сурешпен қолғап түйістіреді.
Тәшкенбай мен Суреш арасындағы кездесу 4 сәуір күні өтеді.
Айта кетейік, Ұлан-Батордағы 2026 жылғы Азия чемпионаты World Boxing ұйымының аясында ұйымдастырылып жатыр. Қазақстан бұл додаға ерлер және әйелдер құрамасынан жалпы 20 боксшыны алып барды. Турнир 10 сәуірге дейін жалғасады.