05.04.2026, 18:30

Ақмарал Ерекешева гимнастикадан Франциядағы турнирде қола медаль жеңіп алды

Фото: Халықаралық гимнастика федерациясы

Ақмарал Ерекешева жекелей көпсайыста 106,900 ұпай жинады. 

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Франциядағы Гран-при турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Басылымның жазуынша, Францияның Тье қаласында көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при турнирі басталды.

Бұл жарыста спортшы Ақмарал Ерекешева жекелей көпсайыста 106,900 ұпай жинап, қола медаль иеленген.

Алтын медаль Беларусь өкілі Алина Горноськоға (112,200 ұпай) бұйырса, ресейлік Мария Борисова (110,350 ұпай) екінші орынға тұрақтаған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмарал Ерекешева Афинада өткен Aphrodite Cup турнирінде алтын медаль жеңіп алған еді.